Түркістанда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты республикалық туристік форумы өтті.
Бұл маңызды шара Орталық Азия мен Қазақстанның туризм саласындағы сарапшыларын, бизнес-қауымдастық пен ірі компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ қолөнер шеберлерін жинады.
Іс-шараның басты мақсаты – Түркістанды түркі әлемінің орталығы ретінде шетелдерге таныстырып, қаланың туристік әлеуетін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Форум аясында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: даму және болашақ» атты пленарлық отырыс өтті. Оны Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының вице-президенті Олжас Шынтаев жүргізді. Форумда Түркістанды әлемдік туризм картасында лайықты орынға шығару үшін жаңа идеялар мен стратегиялық шешімдер ұсынылды. Жергілікті билік, кәсіпкерлер мен халықаралық серіктестер өзара пікір алмасып, ұсыныстар жасады.
Форумда Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов өңірдің туристік әлеуетін атап өтіп, жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді:
– Бұл форум – елімізде және өңірімізде туризмді дамыту мәселелерін, өзекті проблемалар мен болашақ мүмкіндіктерді талқылайтын алаң. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Өңірлердің маңызды өсу нүктесіне туризм айналуы керек» деп атап өтті. Облыс әкімі Нұрәлхан Оралбайұлының тапсырмасымен өңірде туризмді дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Түркістан облысы – бай тарихи мұрасы бар, туризмге өте қолайлы өңір. Қазіргі таңда өңірдің негізгі даму бағыты – туризм. Туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту, туристік әлеуетті арттыру, қызмет көрсету сапасын көтеру – басты назарда. Сонымен қатар, қонақ үйлер мен курорттық кешендер салу, инвестиция тарту және жаңа туристік бағыттар құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Түркістанның туристік әлеуетін дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз кәсіпкерлермен, инвесторлармен және туризм саласындағы мамандармен тығыз ынтымақтастық орнатуға және мемлекеттік қолдауды күшейтуге дайынбыз, – деді Зұлфұхар Жолдасов.
Шарада Түркия Республикасының Түркістандағы бас консулы Илкер Пак та сөз сөйледі.
Пленарлық отырыстан кейін «Түркістандағы ішкі және келу туризмін дамытудың тиімді стратегиялық шешімдері» атты панельдік сессия жалғасты. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңның тетіктері мен жоспарлары» тақырыбында баяндама жасады. Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева «Қытай туристерінің Түркістан облысына деген сұранысын арттыру жолдары: Қытай нарығымен жұмыс істеу стратегиясы» туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов «Түркістан облысының туристік әлеуеті мен даму бағыттары» жөнінде мәлімет берді.
Форум барысында туристік компания «SkyWay» басшысы Әсем Қозбағарова «Бағыттарды ілгерілету: туристік маркетингтегі жаңа тәсілдер мен стратегиялар» тақырыбында баяндама жасаса, «Qazaq Oner» орталығының негізін қалаушы, қолөнер шебері Айгүл Жәнсерікова «Қолөнер мен туризм: жергілікті қолөнер бұйымдарының туристік тартымдылығын арттыру» жөнінде өз ойымен бөлісті.
Өткен жылы облысқа туризм саласында негізгі капиталға 79,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 48%-ға артты. Биыл өңірде «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», «Arena Aquatica Turkestan», «Yassy Hall and Apartment», «Platinum» қонақүйлері секілді бірнеше туристік инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Түркістанда аквапаркі мен белсенді демалыс аймақтары бар бес жұлдызды қонақүй құрылысы басталады.
2024 жылы Түркістан түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесін алды. Бұл оқиға өңірдің халықаралық деңгейде мойындалуына және туристер ағынының артуына ықпал етеді. 2025 жылы Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң қабылданады деп күтілуде. Бұл тарихи шешім өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, инфрақұрылымын, мәдени байланыстарын және экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді.